Балық азығын өндіреді: Ақмола облысында жаңа зауыт салынып жатыр

© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында жаңа зауыт салынады
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Кәсіпорын жылына 25 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Целиноград ауданында балыққа арналған экструдталған жем өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.
Инвестициялық жобаның құны 7 млрд теңгеден асады. Кәсіпорын жылына 25 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады. Өндірісті 2027 жылы іске қосу көзделген. Жаңа кәсіпорында 75 жұмыс орны ашылады.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында балық азығын өндіретін зауыт салынады
Ақмола облысында балық азығын өндіретін зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Ақмола облысында балық азығын өндіретін зауыт салынады
"Жобаны өңірде заманауи балық өсіру шаруашылығын дамытып отырған "Poseydon" ЖШС жүзеге асырады. Аумағы 10 гектарды құрайтын аквафермада кемпірқосақ бақтақ өсіріледі. Кәсіпорынның жылдық тауарлық балық өндіру қуаты – 70 тонна", - дейді облыс әкімдігі.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов кәсіпорынға барып, балықтың тұқы және албырт тұқымдас түрлеріне арналған экструдталған жем өндіретін зауыт салу жоспарымен танысты.
Айтуынша, өңір өз кезегінде жобаны іске асыруға қажетті қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңдерінде сүйемелдеуге дайын.
Зауыттың іске қосылуы балық шаруашылығы саласының импорттық жемге тәуелділігін азайтып, отандық жем өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында жаңа зауыт салынады
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады
"Біз өңірде балық шаруашылығын дамытуға мүдделіміз және жинақтаған тәжірибемізбен бөлісуге, су айдындарын балықтандыру үшін шабақтар мен жем жеткізуге, сондай-ақ мамандарды оқытуға дайынбыз. Өз өндірісіміздің болуы балық шаруашылықтарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, тауарлық балық өсіру көлемін арттыруға жол ашады", – деді "Poseydon" ЖШС бас директоры Ербол Сүлейманов.
Қолданыстағы акваферма суды айналымда пайдалану технологиясы бойынша жұмыс істейді. Бұл сыртқы климаттық жағдайларға қарамастан, жыл бойы балық өсіруге мүмкіндік береді. Пайдаланылатын судың 95%-ына дейінгі бөлігі көпсатылы тазартудан өтіп, өндірістік айналымға қайта жіберіледі.
© Photo : Ақмола облысының әкімдігіАқмола облысында жаңа зауыт салынады
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады
Бақтақ өсірумен қатар, кәсіпорында балық өнімдері де өңделеді. Мұнда порциялық балық, стейктер, тұздалған өнімдер, сондай-ақ ыстық және суық ысталған балық өндіріледі. Дайын өнім Астана қаласындағы мейрамханалар мен ірі сауда желілеріне, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлеріне жеткізілмек.
Алматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Алматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды
Жаңалықтар
0