Алматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаАлматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды
Алматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Жоба аясында 300 млрд теңгеге дейін шетелдік инвестиция тарту көзделген
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Алматы облысында отандық және шетелдік азық-түлік өндірушілеріне арналған хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын өндіретін Segmenta компаниясының жаңа зауыты іске қосылды, дейді
Кәсіпорынның ашылуы — Shin-Line Group компаниялар тобының Қазақстанда азық-түлік кластерін құруға бағытталған стратегиялық жобасының бір бөлігі.

"Жоба аясында 300 млрд теңгеге дейін шетелдік инвестиция тарту, шикізатты терең өңдеуді дамыту, экспорт көлемін ұлғайту және жоғары технологиялы жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген", - дейді Ауыл шаруашылығ министрлігі.

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаАлматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды
В Алматинской области запустили завод по производству пищевых ингредиентов мощностью до 8 тысяч тонн в год - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Алматы облысында азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт іске қосылды
Жаңа зауыттың жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Кәсіпорын жылына 8 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Заманауи өндірістік жабдықтармен және жеке қойма кешенімен қамтылған зауыт сұйық хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын шығаруға маманданған. Бұл өнімдер тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
"Өндірістің маңызды ерекшеліктерінің бірі — жаңа дәм мен хош иіс үйлесімдерін зерттеп, әзірлеуге арналған жеке ғылыми-зерттеу базасының болуы. Өнім өндіру барысында халықаралық жеткізушілерден алынатын 3 мыңнан астам түрлі шикізат пен құрамдас бөлік пайдаланылады. Олардың қатарында Франция, Италия, Германия, Үндістан және АҚШ компаниялары жеткізетін өнімдер бар", - делінген хабарламада.
Зауыт шығаратын өнімдер сусындар, сүт және кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш бұйымдары мен жеңіл тіскебасарлар өндірушілеріне арналған. Сондай-ақ олар ет өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарында қолданылады.
"Segmenta зауытының ашылуы — біртұтас кластер негізінде жоғары технологиялы, қосылған құны жоғары өнім өндіру ісінің жолға қойылғанын көрсететін жарқын мысал. Біз өңірдің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстанның тамақ өнеркәсібін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз", — деді Shin-Line Group президенті Андрей Шин.
Азық-түлік кластерін дамыту өндіріс саласындағы әріптестікті нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және азық-түлік өндіруге қажетті құрамдас бөліктерді Қазақстанда өндіруді жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл отандық өңдеуші кәсіпорындар мен халықаралық технология және шикізат жеткізушілері арасындағы байланысты нығайтып, қазақстандық азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Стакан на столе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
Жаңалықтар
0