Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

CC0 / / Стакан на столе
Стакан на столе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
Жоба аясында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында шыны ыдыс өндіретін зауыт салынады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкімет.
Кәсіпорыс құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау, ал оны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.
"Инвестициялардың жалпы көлемі 60 млрд теңгені құрайды, жобалық қуаттылығы – жылына 256 млн бірлік шыны ыдыс", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шыныдан жасалған өнімнің өзіндік өндірісі жоқ. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыстың өндірісін ұлғайтуға және оның ішкі нарықтағы ұсынысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-на дейін Қазақстанда сату, қалған бөлігін Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығару жоспарланып отыр.
Жоба сонымен қатар қайталама шикізатты пайдалануды біртіндеп арттыруды көздейді. Жобаны қаржыландыру кезеңінде оларды өндірісте қайта пайдалана отырып, 245 мың тоннадан астам шыны қалдықтарын қайта өңдеу жоспарлануда.
Жоба аясында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық мамандар үшін үздіксіз оқыту және біліктілікті арттыру көзделген.
Кәсіпорынның іске қосылуы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тарапынан қосымша сұраныс туғызады: отандық шыны ыдыстың ұсынысын ұлғайту жеткізу мерзімдерін қысқартуға және аралас салалардағы кәсіпорындарды жабдықтаудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Роботов для патрулирования представили Генпрокуратуре Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Қытай компаниясы Алматыда қызмет көрсетуге арналған роботты техника шығаратын зауыт ашады
Жаңалықтар
0