https://sputnik.kz/20260925/qytay-kompaniyasy-almatyda-qyzmet-korsetuge-arnalgan-robotty-tekhnika-shygaratyn-zauyt-ashady-67024584.html
Қытай компаниясы Алматыда қызмет көрсетуге арналған роботты техника шығаратын зауыт ашады
Қытай компаниясы Алматыда қызмет көрсетуге арналған роботты техника шығаратын зауыт ашады
Sputnik Қазақстан
Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр 25.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-25T17:51+0500
2026-09-25T17:51+0500
2026-09-25T18:37+0500
ақорда
президент
робот
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65020568_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f371805db03b60b9ac82415452cd5a63.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.Президент еліміз аталған компанияның Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс алаңы болатынын айтты. Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр.Бұдан бөлек, бірлескен құзырет орталығын құру ұсынылды. Осы бастама аясында қазақстандық мамандар компанияның зерттеу және өнім әзірлеу қызметіне қатыса алады.Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.
https://sputnik.kz/20260909/pavlodar-oblysynda-zhylyna-75-myn-tonna-makulatura-ondeytin-zauyt-salynyp-zhatyr-66477183.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65020568_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dc09a628eb0f671d63ddb28b5db10b97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, президент, робот
Қытай компаниясы Алматыда қызмет көрсетуге арналған роботты техника шығаратын зауыт ашады
17:51 25.09.2026 (жаңартылды: 18:37 25.09.2026) Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.
Президент еліміз аталған компанияның Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс алаңы болатынын айтты. Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр.
"Кездесуде білім саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, UBTECH пен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары және колледждері арасында жүйелі ықпалдастық орнату мүмкіндігі қаралды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, бірлескен құзырет орталығын құру ұсынылды. Осы бастама аясында қазақстандық мамандар компанияның зерттеу және өнім әзірлеу қызметіне қатыса алады.
Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.