https://sputnik.kz/20260909/pavlodar-oblysynda-zhylyna-75-myn-tonna-makulatura-ondeytin-zauyt-salynyp-zhatyr-66477183.html
Павлодар облысында жылына 75 мың тонна макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр
Павлодар облысында жылына 75 мың тонна макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Нысан 2028 жылы пайдалануға берілмек 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T10:13+0500
2026-09-09T10:13+0500
2026-09-09T11:05+0500
павлодар облысы
зауыт
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07ea/09/09/66477496_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f1ee437af25ff35078d199f1ec6bf44f.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында "QazRoyalPak" ЖШС-нің макулатураны қайта өңдеу жобасы іске асырылып жатыр. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын жылына 75 мың тоннаға дейін қағаз қалдықтарын қайта өңдей алады. Жобаның құны шамамен 10,8 млрд теңгені құрайды. "Жасыл даму" АҚ бағыттаған кәдеге жарату төлемдері есебінен қаржыландырылған жобаның қаражат толық көлемде игерілген.Жобаны іске асыру Павлодар облысында макулатураны қайта өңдеу бойынша қосымша өндірістік қуаттарды қалыптастыруға және қағаз қалдықтарын қайта айналымға тарту көлемін арттыруға мүмкіндік береді."Біз үшін бұл жоба өндірісті дамытудың маңызды кезеңі. Өндірістік қуатты арттыру макулатураның едәуір көп көлемін қайта өңдеуге және қайталама шикізатты өндірістік циклде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", – дейді "QazRoyalPak" ЖШС директоры Гүлнара Қайдарова.
https://sputnik.kz/20260505/qazaqstanda-zhinalgan-kommunaldyq-qaldyqtar-kolemi-77-ga-osti-63200875.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/09/66477496_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_1dc90dbebe29a38a944ed2c7a1ecfc20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, зауыт, өндіріс
павлодар облысы, зауыт, өндіріс
Павлодар облысында жылына 75 мың тонна макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр
10:13 09.09.2026 (жаңартылды: 11:05 09.09.2026) Нысан 2028 жылы пайдалануға берілмек
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында "QazRoyalPak" ЖШС-нің макулатураны қайта өңдеу жобасы іске асырылып жатыр.
Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын жылына 75 мың тоннаға дейін қағаз қалдықтарын қайта өңдей алады. Жобаның құны шамамен 10,8 млрд теңгені құрайды. "Жасыл даму" АҚ бағыттаған кәдеге жарату төлемдері есебінен қаржыландырылған жобаның қаражат толық көлемде игерілген.
"Қазіргі уақытта жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатыр. Өндірістік цехтардың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар жабдықтарға арналған іргетастарды салу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған", - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жобаны іске асыру Павлодар облысында макулатураны қайта өңдеу бойынша қосымша өндірістік қуаттарды қалыптастыруға және қағаз қалдықтарын қайта айналымға тарту көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
"Біз үшін бұл жоба өндірісті дамытудың маңызды кезеңі. Өндірістік қуатты арттыру макулатураның едәуір көп көлемін қайта өңдеуге және қайталама шикізатты өндірістік циклде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", – дейді "QazRoyalPak" ЖШС директоры Гүлнара Қайдарова.