Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Уиткофф Украинадағы қақтығыс пен Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады

© POOL / Медиабанкке өтуВстреча президента Владимира Путина и спецпосланника президента США Стивена Уиткоффа
Встреча президента Владимира Путина и спецпосланника президента США Стивена Уиткоффа - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты реттеуге көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургтегі Константин сарайында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесті.
Келіссөз басында Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты реттеуге көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтып, АҚШ, Украина және Еуропалық одақ делегацияларының Норвегияда өткен кешегі консультацияларының нәтижесін сұрады.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Ослодағы келіссөз нәтижелі болғанын айтты. Ол Санкт-Петербургке бейбіт үдеріс мәселесіне қатысты тараптардың ұстанымдары баяндалған құжаттарды алып келген. Оның пікірінше, қақтығысты аяқтауға мүмкіндік беретін негіз бар.
Уиткофф Путин Ресей, АҚШ және Украина басшылары арасындағы үшжақты келіссөзді қайта бастауға келіседі деп үміттенетінін айтты. Оның пікірінше, мұндай кездесуде техникалық мәселелерді талқылауға болады.
АҚШ-пен ынтымақтастық мәселесіне тоқталған Путин Ресейдің экономикалық жобаларды талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей америкалық нарыққа тыңайтқышты көп көлемде жеткізе алады.
Президенттің сөзінше, дизель отынына қатысты келісімнің арқасында әлемдік нарықтағы бағалар 5-6%-ға төмендеген. Уиткофф Трамптың атынан бұл шешім үшін Путинге алғыс білдірді.
Путин АҚШ-тың Ирандағы жағдайға қатысты пікірін білгісі келетінін және Мәскеудің осы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін айтты.
Бұл – Уиткоффтың Ресейге тоғызыншы сапары. Бұл жолы АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер сырқатына байланысты келіссөзге қатыса алмады.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын – Зеленский
Жаңалықтар
0