Елде онкогематологиямен ауыратын балалардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 70%-дан асты

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Қазақстанда жыл сайын 600 балада онкологиялық ауру анықталады
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Қазақстанда онкогемотологиямен ауыратын балалардың 70%-тен астамы бес жылдан ұзақ өмір сүреді, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Ал жедел лимфобластты лейкоз кезінде бұл көрсеткіш 85%-ға жетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Самарқанд қаласында өткен Балалар обыры жөніндегі II халықаралық конгресте мәлімдеді.

Қазақстанда жыл сайын балалардың арасында онкологиялық аурулардың 600-ге жуық жаңа жағдайы анықталады.
"2013 жылдан бері гемопоэздік жасушаларын трансплантаттау бойынша 630-дан астам операция жасалды. Отандық медициналық орталықтардың дамуы балаларды шетелде емдеуге жіберу қажеттілігін біртіндеп азайтуға мүмкіндік беріп отыр", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Конгресс барысында Ақмарал Әлназарова Орталық Азия елдерін балалардың обырды емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділігін арттыру үшін күш біріктіруге шақырды.

Негізгі бағыттардың қатарында диагностиканың дәлдігін арттыру, дәрігерлерді бірлесіп даярлау, CAR-T-терапиясының мүмкіндіктерін зерттеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді дамыту, сондай-ақ балаларды ісікке қарсы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бар.

Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімдерінің арасындағы өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылды. Бұл трансплантаттауға мұқтаж балалар үшін үйлесімді донорларды іздеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Биомедицинский исследовательский центр Nazarbayev University в Астане посетил премьер Казахстана Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Скрининг арқылы 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры анықталды
Жаңалықтар
0