https://sputnik.kz/20261015/skrining-arqyly-17-mynnan-astam-ayelden-sut-bezi-obyry-anyqtaldy-67629041.html
Скрининг арқылы 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры анықталды
Скрининг арқылы 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры анықталды
Sputnik Қазақстан
40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T21:09+0500
2026-10-15T21:09+0500
2026-10-15T21:09+0500
онкология
сүт безінің қатерлі ісігі
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833612_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_7100320c83ab3a5408b025399767fc14.jpg
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанда скринингтік тексерулердің арқасында 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры ерте сатысында анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.Сүт безі обыры Қазақстан әйелдері арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру болып отыр. 2025 жылы осы дерттің 5 743 жаңа жағдайы тіркелді.40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады. Бұл тексеру ауру белгілері пайда болғанға дейін сүт бездеріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді."Қызғылт қазан" науқаны аясында еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері мен онколог-маммологтардың тегін консультациялары ұйымдастырылып жатыр.2025 жылы 8 400-ден астам әйел тексеруден өтті. Олардың 3 337-сінен сүт бездерінің түрлі патологиялары анықталса, 144 әйелден сүт безі обыры тіркелді.31 қазанда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ашық есік күні өтеді. Іс-шара барысында әйелдер онколог-маммологтың кеңесін тегін ала алады.
https://sputnik.kz/20260331/ministr-qaterli-isikke-qarsy-otandyq-preparattyn-tirkelmeu-sebebin-aytty-62289523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833612_64:0:1217:865_1920x0_80_0_0_45b931e81427d1fc29733036c48a292d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, сүт безінің қатерлі ісігі
онкология, сүт безінің қатерлі ісігі
Скрининг арқылы 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры анықталды
40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанда скринингтік тексерулердің арқасында 17 мыңнан астам әйелден сүт безі обыры ерте сатысында анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Сүт безі обыры Қазақстан әйелдері арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру болып отыр. 2025 жылы осы дерттің 5 743 жаңа жағдайы тіркелді.
"2008 жылдан бері елімізде ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде сүт безі обырының 19 018 жағдайы анықталды. Оның 17 186-сы I және II сатыларда тіркелген. Скрининг барысында аурудың III–IV сатыларда анықталған жағдайларының саны 2011 жылғы 66-дан 2025 жылы 16-ға дейін азайды", - деп хабарлады министрлік.
40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады. Бұл тексеру ауру белгілері пайда болғанға дейін сүт бездеріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
"Қызғылт қазан" науқаны аясында еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері мен онколог-маммологтардың тегін консультациялары ұйымдастырылып жатыр.
2025 жылы 8 400-ден астам әйел тексеруден өтті. Олардың 3 337-сінен сүт бездерінің түрлі патологиялары анықталса, 144 әйелден сүт безі обыры тіркелді.
31 қазанда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ашық есік күні өтеді. Іс-шара барысында әйелдер онколог-маммологтың кеңесін тегін ала алады.