https://sputnik.kz/20261021/73-adam-zhauapqa-tartyldy-shymkentte-oqushylar-paydalanuga-zharamsyz-oqulyqtardan-bilim-algan-67821248.html
73 адам жауапқа тартылды: Шымкентте оқушылар пайдалануға жарамсыз оқулықтардан білім алған
73 адам жауапқа тартылды: Шымкентте оқушылар пайдалануға жарамсыз оқулықтардан білім алған
Sputnik Қазақстан
Кітап қорының шамамен 74%-ын құрайтын 2 миллион дана оқулық жаңартуды қажет етеді 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T17:39+0500
2026-10-21T17:39+0500
2026-10-21T17:39+0500
шымкент
прокуратура
кітап
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63621508_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a15f18805963f12a7c27ce2282d939f0.jpg
АЛМАТЫ, 21 қазан - Sputnik. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету саласында заң жүйелі түрде бұзылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура. Қаладағы мемлекеттік мектептерде 170 мыңнан астам оқулық жетіспеген. Соңғы үш жылда оқушылар саны ескеріле отырып, кітап қорына түгендеу жүргізілмеген. Оқулықтарды жаңарту мерзімділігі сақталмаған, ал сатып алынған кітаптар мектептердің нақты қажеттілігін толық өтемеген.Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 46 мыңнан астам оқушы қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кінәлі 73 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.
https://sputnik.kz/20260803/qyzylordada-kitap-qory-1-millionnan-asatyn-kitapkhana-salynyp-zhatyr-65411153.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63621508_51:0:1011:720_1920x0_80_0_0_33a600e0c331dd9b93be5caca6d87dd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, прокуратура, кітап
шымкент, прокуратура, кітап
73 адам жауапқа тартылды: Шымкентте оқушылар пайдалануға жарамсыз оқулықтардан білім алған
Кітап қорының шамамен 74%-ын құрайтын 2 миллион дана оқулық жаңартуды қажет етеді
АЛМАТЫ, 21 қазан - Sputnik. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету саласында заң жүйелі түрде бұзылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Қаладағы мемлекеттік мектептерде 170 мыңнан астам оқулық жетіспеген.
"Сонымен қатар 110 мыңнан астам тозған және пайдалануға жарамсыз кітап анықталды. Жалпы оқулық қорының шамамен 74%-ын құрайтын 2 миллион дана оқулық жаңартуды қажет етеді", - дейді прокуратура.
Соңғы үш жылда оқушылар саны ескеріле отырып, кітап қорына түгендеу жүргізілмеген. Оқулықтарды жаңарту мерзімділігі сақталмаған, ал сатып алынған кітаптар мектептердің нақты қажеттілігін толық өтемеген.
"Мәселен, Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы бесінші сыныптарға арналған ағылшын тілі пәнінен 293 оқулыққа сұраныс бергенімен, небәрі 90 данасын алған. Соның салдарынан оқушыларға мұқабалары мен түптері бүлінген, кейбір парақтары жоқ, тозған оқулықтар берілген", - дейді Шымкент прокуратурсы.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 46 мыңнан астам оқушы қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кінәлі 73 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.