https://sputnik.kz/20260803/qyzylordada-kitap-qory-1-millionnan-asatyn-kitapkhana-salynyp-zhatyr-65411153.html
Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр
Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T08:06+0500
2026-08-03T08:06+0500
2026-08-03T08:06+0500
қызылорда
кітапхана
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65409505_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e3a388b3b09798a567f9c21840a97b91.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде салынып жатқан нысандармен танысты.Делегация алдымен президент саябағы аумағындағы тоғыз қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жалпы құны 22 млрд теңге болатын жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.Жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақ та назардан тыс қалмады. Президент саябағы аумағындағы кешенде Қытай, Жапония, Оңтүстік Африка, Аустралия, Мадагаскар, Оңтүстік және Орталық Америкадан әкелінген 92 түрлі 3,3 мыңнан астам экзотикалық және тропикалық өсімдік отырғызылған.Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театр салу Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр, дейді әкімдікте. Сәуір айында ғимараттың іргетасы қаланып, капсуласы салынды.Жаңа драма театр құрылысына да 20 млрд теңге бөлінген, ғимарат 520 көрерменге арналған.Сапар барысында өңірде жүзеге асатын жаңа инвестициялық жобалар да таныстырылды.
https://sputnik.kz/20260729/turkistan-oblysynda-bioqospalar-ondiretin-zauyttyn-qurylysy-bastaldy-65279286.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65409505_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_c300c58c45011355c0966dc6630bc78a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, кітапхана, үкімет
қызылорда, кітапхана, үкімет
Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр
Кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде салынып жатқан нысандармен танысты.
Делегация алдымен президент саябағы аумағындағы тоғыз қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жалпы құны 22 млрд теңге болатын жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.
Жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақ та назардан тыс қалмады. Президент саябағы аумағындағы кешенде Қытай, Жапония, Оңтүстік Африка, Аустралия, Мадагаскар, Оңтүстік және Орталық Америкадан әкелінген 92 түрлі 3,3 мыңнан астам экзотикалық және тропикалық өсімдік отырғызылған.
Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театр салу Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр, дейді әкімдікте. Сәуір айында ғимараттың іргетасы қаланып, капсуласы салынды.
"Инвестор қаражаты есебінен құрылысына 20 млрд теңге қаралған кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады. Мұнда 1 млн-нан астам кітап қоры сақталады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа драма театр құрылысына да 20 млрд теңге бөлінген, ғимарат 520 көрерменге арналған.
Сапар барысында өңірде жүзеге асатын жаңа инвестициялық жобалар да таныстырылды.