Түркістан облысында биоқоспалар өндіретін зауыттың құрылысы басталды

© Акимат Туркестанской областиТүркістан облысында биоқоспалар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Түркістан облысында биоқоспалар өндіретін зауыттың құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Жобаның жалпы инвестициялық құны – 20,4 млрд теңге
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Сауран ауданындағы "Turan" арнайы экономикалық аймағына қарасты "Ораңғай" қосалқы экономикалық аймағында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың уақыт капсуласы салынды", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорынға 10 гектар жер телімі бөлінген. Жобаның жалпы инвестициялық құны 20,4 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдары жүргізіледі.
Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 464 млн дана биологиялық белсенді қоспа өндіріп, 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Прессованные металлические отходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жамбыл облысында тәулігіне 900 тоннаға дейін қалдық өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Жаңалықтар
0