Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталған рэпер Navai босатылды

© Sputnik / Арина Антонова / Медиабанкке өтуПевец Navai на премьере фильма, архивное фото
Певец Navai на премьере фильма, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Жазылу
Құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескеріліп, іс тоқтатылды
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталған ресейлік танымал рэпер Navai қамаудан босатылып, елден шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады. Рэперге қатысты қылмыстық іс заңнама талаптарына сәйкес тоқтатылған.
"Құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескеріліп, іс тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы бекітті", – деп хабарлады полиция.
Ведомствоның мәліметінше, шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған.
Еске салайық, Астанаға концерт қоюға келе жатқан рэпер Navai Қордай кеден бекетінде есірткімен ұсталған. Кейін оның екі айға қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Рэпердің ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми дипломатиялық нота жолдаған еді.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жамбыл облысында ұсталған шетелдік әнші Navai екі айға қамауға алынды
Жаңалықтар
0