Жамбыл облысында ұсталған шетелдік әнші Navai екі айға қамауға алынды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Ол есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды
АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған шетелдік әнші NAVAI қамауға алынды.
Әншінің екі айға қамауға алынғаны туралы ақпарат БАҚ-тарда тарады.
13 қазанда "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп шетелдік рэперді ұстаған болатын.

Ол отырған көлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің есірткі заттарының контрабандасы мен оларды заңсыз иемденуге қатысты екі бабы бойынша қарастырылуда.

Айта кетері, Navai-дің 14 қазанға жоспарланған Астанадағы концерті тоқтатылды.
Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен танымал шетелдік әнші ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жамбылда шетелдік танымал әнші NAVAI есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды
Жаңалықтар
0