https://sputnik.kz/20261020/ontustik-koreyada-21-zhastagy-qazaqstandyq-qamauga-alyndy-67758289.html
Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Корея полициясы күдіктілерді үш ай бойы іздеген 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T12:03+0500
2026-10-20T12:03+0500
2026-10-20T12:03+0500
оңтүстік корея
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_bc07c96e8a03a95c233c816ee99dc0b3.jpg
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда 21 жастағы Қазақстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оқиға 29 шілдеде Ичхон қаласында болған. Екі жігіт басқа көлікті қуып жетіп, ішіндегі адамдарға қоқан-лоқы көрсеткен. Олар көліктің жолын бөгеп, жолаушыларға қауіп төндірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Корея полициясы күдіктілерді үш ай бойы іздеген. Қараңғыда көлік нөмірін анықтау қиындық туғызған. Кейін мамандар нөмірдің бір бөлігін анықтап, күдіктілердің бірін әлеуметтік желіде көлік сату туралы жариялаған хабарландыруы арқылы тапқан.Күдікті Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген 21 жастағы Қазақстан азаматы болып шықты. Ол 16 қазанда ұсталды. Екі күннен кейін сот оның жасырынып қалуы мүмкін екенін ескеріп, қамауға алуға санкция берген.Жауап алу кезінде қазақстандық оқиғаның түсініспеушіліктен туындағанын айтқан. Оның сөзінше, бұған дейін ол көлігін шетелдік азаматқа сатпақ болған, бірақ мәміле жүзеге аспаған. Сондықтан ол жәбірленушінің көлігін сатып алушының көлігімен шатастырып алғанын мәлімдеген.Оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген екінші азамат — Қазақстанның 25 жастағы азаматы. Ол бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оңтүстік Кореядан депортацияланған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта айтылған.Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады.Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар істі бақылауда ұстап, ұсталған азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
https://sputnik.kz/20260610/klientterdi-118-mln-tengege-aldagan-avtosalon-menedzheri-shetelde-ustaldy-64036502.html
оңтүстік корея
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_78:0:1785:1280_1920x0_80_0_0_7d0282cdd968699b6eea683ed1a5b02e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, қазақстан
оңтүстік корея, қазақстан
Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
Корея полициясы күдіктілерді үш ай бойы іздеген
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда 21 жастағы Қазақстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оқиға 29 шілдеде Ичхон қаласында болған. Екі жігіт басқа көлікті қуып жетіп, ішіндегі адамдарға қоқан-лоқы көрсеткен. Олар көліктің жолын бөгеп, жолаушыларға қауіп төндірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Корея полициясы күдіктілерді үш ай бойы іздеген. Қараңғыда көлік нөмірін анықтау қиындық туғызған. Кейін мамандар нөмірдің бір бөлігін анықтап, күдіктілердің бірін әлеуметтік желіде көлік сату туралы жариялаған хабарландыруы арқылы тапқан.
Күдікті Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген 21 жастағы Қазақстан азаматы болып шықты. Ол 16 қазанда ұсталды. Екі күннен кейін сот оның жасырынып қалуы мүмкін екенін ескеріп, қамауға алуға санкция берген.
Жауап алу кезінде қазақстандық оқиғаның түсініспеушіліктен туындағанын айтқан. Оның сөзінше, бұған дейін ол көлігін шетелдік азаматқа сатпақ болған, бірақ мәміле жүзеге аспаған. Сондықтан ол жәбірленушінің көлігін сатып алушының көлігімен шатастырып алғанын мәлімдеген.
Оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген екінші азамат — Қазақстанның 25 жастағы азаматы. Ол бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оңтүстік Кореядан депортацияланған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта айтылған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады.
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ичхон қаласы полициясының Қазақстан азаматын ұстағаны туралы хабардар. Отандасымызға бірқатар құқық бұзушылық, соның ішінде бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу бойынша айып тағылып отыр", — деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар істі бақылауда ұстап, ұсталған азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.