Клиенттерді 118 млн теңгеге алдаған автосалон менеджері шетелде ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері қылмыс жасады деген күдікке ілінген 80 адам шетелге қашып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Олардың 47-сі ұсталды. Ал іздеу жарияланған 371 шетелдік Қазақстанға өтіп кеткен. Олардың 107-сі қолға түсті.
"Астанада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол Алматы қаласында тұрғын үй кешенін салу сылтауымен үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Келтірілген шығын көлемі – шамамен 1,5 миллиард теңге", - дейді министрлік.
Алматыда Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Хорватияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеуге жариялаған шетел азаматы ұсталды. Ол ақша жымқыру және оны заңдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Шығын көлемі – шамамен 30 миллион еуро.
"Тбилисиде Қазақстан ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Ол автокөлік сату барысында бірнеше алаяқтық әрекет жасап, жәбірленушілерге 118 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген", - дейді полиция.
Қазақстанның құқық қорғау органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы Молдова аумағында ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол Қарағанды облысындағы есірткі зертханасының қызметін криптовалюта аударымдары мен мессенджерлер арқылы үйлестіріп, қаржыландырған. Бұған дейін бұл зертхана жойылып, заңсыз айналымнан есірткі заттары, жабдықтар және прекурсорлар тәркіленген болатын.
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Көліктерге жалған мемлекеттік нөмір таққан автосалон қызметкері ұсталды
Жаңалықтар
0