Жаслан Мәдиев Екібастұздағы Data Center Valley жобасының құрылысымен танысты

© Photo : Пресс-служба министерства искусственного интеллекта и цифрового развитияЖаслан Мәдиев Екібастұздағы Data Center Valley жобасының құрылысымен танысты
Жаслан Мәдиев Екібастұздағы Data Center Valley жобасының құрылысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Екібастұздағы Data Center Valley жобасына 5 млрд доллар инвестиция салу жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Екібастұзда салынып жатқан Data Center Valley нысанының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады министрлік.
© Photo : Пресс-служба министерства искусственного интеллекта и цифрового развитияЖаслан Мәдиев Екібастұздағы Data Center Valley жобасының құрылысымен танысты
Жаслан Мадиев ознакомился с ходом строительства Data Center Valley в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жаслан Мәдиев Екібастұздағы Data Center Valley жобасының құрылысымен танысты
Қазақстандағы жасанды интеллект пен деректерді өңдеу саласындағы ірі инфрақұрылымдық жоба заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыруға, жасанды интеллектіні дамытуға және халықаралық технологиялық компанияларды тартуға арналған ауқымды технологиялық кластер ретінде қалыптасып келеді.
"Жоба инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытып, есептеу қуаттарын 1 ГВт-қа дейін ұлғайтуды көздейді. Бірінші кезеңдегі 215 МВт қуат толық көлемде алдын ала бөлінген. Қуаты 50 МВт болатын алғашқы деректерді өңдеу орталығын 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Талқылаудың негізгі тақырыптары энергиямен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылым, нысанның технологиялық дайындығы және құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүргізілуі болды.
Жаслан Мәдиев жобаның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.
"Бүгінде жасанды интеллект экономикалық өсім мен мемлекеттердің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып келеді. Алайда жасанды интеллектіні дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Оған есептеу қуаттары, сенімді энергиямен жабдықтау жүйесі және заманауи деректерді өңдеу орталықтары жатады", – деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, Data Center Valley – Қазақстанға жаһандық жасанды интеллект картасында өз орнын иеленуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба.
"Біздің міндетіміз – халықаралық технологиялық компаниялар Қазақстанның инфрақұрылымын пайдаланып қана қоймай, осында өз жобаларын дамытып, инвестиция салып, жаңа құзыреттер қалыптастыруына жағдай жасау", – деді Жаслан Мәдиев.
Жобаны дамытуға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 5 млрд АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.
"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Data Center Valley жобасын іске асыру Қазақстан үшін жаһандық цифрлық экономикада жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
"Ұзақ уақыт бойы Қазақстанды ең алдымен табиғи ресурстарға бай ел ретінде қарастырып келді. Бүгінде қолжетімді энергияны жаңа экспорттық өнімге, яғни есептеу қуаттарына айналдыруға мүмкіндік бар", – деді Бағдат Мусин.
Data Center Valley жобасының бәсекелік артықшылықтарының бірі – электр энергиясының 1 кВт·сағ үшін 2,5 АҚШ центінен басталатын тарифпен қолжетімді болуы. Бұл нысанды энергияны көп қажет ететін есептеу жүйелері үшін тартымды етеді. Сонымен қатар жоба заманауи салқындату технологияларын қолдануды, энергия тиімділігін арттыруды және экологиялық стандарттарды сақтауды көздейді.
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жасанды интеллект жәрдемақыны өзі тағайындай ма – министрлік жауабы
Жаңалықтар
0