https://sputnik.kz/20261006/zhasandy-intellekt-zhardemaqyny-ozi-tagayynday-ma--ministrlik-zhauaby-67352931.html
Жасанды интеллект жәрдемақыны өзі тағайындай ма – министрлік жауабы
Жасанды интеллект жәрдемақыны өзі тағайындай ма – министрлік жауабы
Sputnik Қазақстан
Бірақ жәрдемақы автоматты түрде жасанды интеллектінің шешімі негізінде тағайындалмайды 06.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-06T15:20+0500
2026-10-06T15:20+0500
2026-10-06T15:21+0500
жасанды интеллект
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:138:1034:720_1920x0_80_0_0_197915c6271cc464596b3c79a4228b33.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасанды интеллектінің көмегімен жәрдемақыны тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жасанды интеллект қолданылады. Дегенмен соңғы шешімді адам қабылдайды.Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев тамыз айынан бастап әкімдіктердің кейбір әлеуметтік төлемдері жасанды интеллект көмегімен тағайындалатынын айтқан.Ал қазан айында мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың атаулылығы мен мұқтаждық деңгейін ескере отырып, нысаналы түрде тағайындау үшін жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20261003/zhasandy-intellekt-pen-tsifrlyq-tekhnologiyalar-salasyndagy-uzdik-zhobalar-zhariyalandy-67272021.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:59:881:720_1920x0_80_0_0_e69f949b20850836692a60db01417a4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, жәрдемақы
жасанды интеллект, жәрдемақы
Жасанды интеллект жәрдемақыны өзі тағайындай ма – министрлік жауабы
15:20 06.10.2026 (жаңартылды: 15:21 06.10.2026) Бірақ жәрдемақы автоматты түрде жасанды интеллектінің шешімі негізінде тағайындалмайды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасанды интеллектінің көмегімен жәрдемақыны тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жасанды интеллект қолданылады. Дегенмен соңғы шешімді адам қабылдайды.
"Жасанды интеллект мәліметтерді егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі. Соның нәтижесінде нағыз мұқтаж адамды немесе көмекті қажет етпейтіндерді анықтауға болады. Бірақ жәрдемақы автоматты түрде жасанды интеллектінің шешімі негізінде тағайындалмайды. Ол ұсыныстарды ғана әзірлейді. Ал мемлекеттік органның қызметкері соны пайдалана алады, жәрдемақыны да тағайындайды", - деді жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин үкіметтегі брифингте.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев тамыз айынан бастап әкімдіктердің кейбір әлеуметтік төлемдері жасанды интеллект көмегімен
тағайындалатынын айтқан.
Ал қазан айында мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың атаулылығы мен мұқтаждық деңгейін ескере отырып, нысаналы түрде тағайындау үшін жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отыр.