Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы үздік жобалар жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинeGov.GPT
eGov.GPT - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Жазылу
GoPrep платформасы оқушыларға IELTS емтиханына дайындалуға көмектеседі. Жеке жоспарды да әзірлей алады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Астанада AI & Digital Bridge Awards 2026 сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда жыл сайын жасанды интеллект пен цифрлық технологоялар саласындағы үздік жобаларға бірнеше аталым бойынша марапат тапсырылады.
Биылғы жеңімпаздар:
1.
eGov.GPT - GovTech Project of the Year;
2.
GoPrep - EdTech Project of the Year;
3.
Rette - Startup of the Year;
4.
Aventa - Corporate AI - Transformation of the Year;
5.
Higgsfield AI - International Breakthrough of the Year;
6.
MA7 Ventures- VC of the Year;
7.
ōzen -Creative Industry Project of the Year.
Мәселен, GoPrep платформасы оқушыларға IELTS емтиханына дайындалуға көмектеседі. Жеке жоспарды да әзірлей алады. Осы уақытқа дейін GoPrep-ті 139 елден 31 мыңнан астам оқушы қолданған.
Rette стартапы негізінде медициналық құжаттар автоматты түрде тексеріледі. Оны Қазақстандағы 30-ға жуық клиника пайдаланады. Ал қазақстандық Higgsfield AI платформасында 30 млн адам тіркелген. Оның көмегімен сапалы әрі шынайы видеолар жасалады.
Айта кетері, үздік жобаларды алдымен жасанды интеллект іріктеген. Одан кейін әрбір жобаны қазылар алқасы қараған.
Математика, арифметика - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Министрлік математикадан үздік өңірлерді атады
Жаңалықтар
0