Тоқаевқа Ленинград облысының губернаторы Путиннің сәлемін жеткізді

© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресейдің өңір губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
Тоқаев Ресейдің өңір губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны айтылды.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял губернатора Ленинградской области РФ Александра Дрозденко - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
"Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, Қазақстан аталған аймақпен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады. Оның айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан", - делінген хабарламада.
Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.
Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар олардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынына назар аударды.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Касым-Жомарт Токаев наградил Александра Дрозденко орденом Достык II степени - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Тоқаев Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путина в Омске - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
"Тоқаевқа алғыс айтамын": Путин орыс тілін ТМД елдерін біріктіретін күш деп атады
Жаңалықтар
0