"Тоқаевқа алғыс айтамын": Путин орыс тілін ТМД елдерін біріктіретін күш деп атады

© POOL / Медиабанкке өтуКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путина в Омске
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путина в Омске - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
Владимир Путин Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын қолдаған ТМД елдерінің басқа да басшыларына алғыс айтты
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин орыс тілін ТМД-ның бүкіл кеңістігін біріктіретін күш деп атады.
"Достастықтың кең байтақ аумағындағы қуатты біріктіруші күш – орыс тілі. Бүгін бұл туралы да айтылды", – деді ол.
Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғыс білдірді.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осындай пайдалы құрылымды құруды ұсынған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тағы да ризашылығымды білдіремін", – деді ол шағын құрамдағы кездесу барысында.
Путин ұйымның жұмысы 2026 жылы басталғанын еске салды. Оның атап өтуінше, Мәскеуде ұйымның алғашқы министрлік отырысы өтіп, ортақ орыстілді мәдени-гуманитарлық мұраны сақтау, сондай-ақ орыс тілін әлемде танымал ету және кеңінен тарату бағыттары айқындалған.
Владимир Путин бастаманы қолдаған ТМД елдерінің басқа да басшыларына алғыс айтты.
Флаг СНГ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
ТМД елдері ортақ тарихты сақтау туралы қарар қабылдайды
Жаңалықтар
0