Алматыда колледж студенттеріне 50 млн теңге шәкіртақы төленбеген

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда колледж студенттеріне 50 млн теңге шәкіртақы төленбеген
Алматыда колледж студенттеріне 50 млн теңге шәкіртақы төленбеген   - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
700-ге жуық студентке шәкіртақы мен жол жүру шығындары төленбеген
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Алматыда Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқықтары бұзылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған.
Жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен.
"Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелді", - дейді прокуратура.
676 студенттің құқықтары қалпына келтірілді.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жалған студенттерге шәкіртақы аударып, қалтасына басқан басшы ұсталды
Жаңалықтар
0