Жалған студенттерге шәкіртақы аударып, қалтасына басқан басшы ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
Директор оқу процесіне қатыспаған 54 адамды білім алушы ретінде тіркеген
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстандағы колледждің бірінде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры оқу процесіне қатыспаған 54 адамды жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.
"Бұл адамдар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, оларға жалған баға қойылған. Сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген. Кейбіріне тіпті шәкіртақы көбірек төленген", - дейді ведомство.
Жалған студенттердің атына банк шоттары ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банк карталары директорға немесе оның нұсқауымен өзге адамдарға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.
Колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Ақша жымқырған директор үйқамаққа алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Деньги в руках ребенка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Жетісуда сот орындаушысы 2 млн теңгеден астам алимент қаражатын жымқырған
Жаңалықтар
0