https://sputnik.kz/20250916/zhetisuda-sot-oryndaushysy-2-mln-tengeden-astam-aliment-qarazhatyn-zhymqyrgan-57104144.html
Жетісуда сот орындаушысы 2 млн теңгеден астам алимент қаражатын жымқырған
Жетісуда сот орындаушысы 2 млн теңгеден астам алимент қаражатын жымқырған
Sputnik Қазақстан
Бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T13:10+0500
2025-09-16T13:10+0500
2025-09-16T13:12+0500
талдықорған
алимент
сот
https://sputnik.kz/img/781/94/7819441_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_35f446e6d02ec3f7f54ecb5d389ca89f.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен баю схемасын қолданып, балаларды алиментсіз қалдырған, деп хабарлады бас прокуратура.Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу мақсатында борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген.Одан әрі ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, оның көмегімен 2 млн теңгеден астам соманы қалтасына салған.Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
https://sputnik.kz/20250905/aliment-tolemegen-80-akege-respublikalyq-zhane-memleketaralyq-izdeu-zhariyalandy-56843947.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/94/7819441_495:0:3728:2425_1920x0_80_0_0_8353ec3a7d58a00aad217f2b31b7ddd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, алимент, сот
талдықорған, алимент, сот
Жетісуда сот орындаушысы 2 млн теңгеден астам алимент қаражатын жымқырған
13:10 16.09.2025 (жаңартылды: 13:12 16.09.2025) Бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен баю схемасын қолданып, балаларды алиментсіз қалдырған, деп хабарлады бас прокуратура.
Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу мақсатында борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген.
Одан әрі ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.
"Мысалы, бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған. Жұмыс беруші сәуір айынан маусым айына дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден астам сомаға алимент төлемдерін аударған. Сот орындаушысы алынған соманың 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жымқырған", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, оның көмегімен 2 млн теңгеден астам соманы қалтасына салған.
Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.