Алимент төлемеген 80 әкеге республикалық және мемлекетаралық іздеу жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневБала қолындағы ақша
Бала қолындағы ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
Үш жұмыс күні ішінде ешқандай іздестіру ісін қозғамай-ақ 129 адамның тұрған жері анықталды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында жыл басынан бері алимент төлемеген әкелерге қатысты 209 қаулы түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ресми хабарламаға сәйкес, үш жұмыс күні ішінде ешқандай іздестіру ісін қозғамай-ақ 129 адамның тұрған жері анықталды.

"Тағы 80 борышкерге республикалық және мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 адамның тұрған жері табылып, тиісті ақпарат сот орындаушыларына берілді",- деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті алимент өндіру үшін сот орындаушысына жүгіну қажеттілігін еске салды. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттарды (сот шешімі, жеке куәлік, ЖСН және өзге де құжаттар) ұсыну қажет.
Борышкер жалтарған жағдайда сот орындаушысы қаулыны полицияға жолдайды, дейді тәртіп сақшылары.
 Ребенок с игрушкой, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен
Жаңалықтар
0