https://sputnik.kz/20261019/almaty-oblysynda-lombard-basshysy-qylmystyq-zholmen-146-mln-tenge-tapqan-67706203.html
Алматы облысында ломбард басшысы қылмыстық жолмен 146 млн теңге тапқан
Алматы облысында ломбард басшысы қылмыстық жолмен 146 млн теңге тапқан
Sputnik Қазақстан
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған 19.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-19T14:23+0500
2026-10-19T14:23+0500
2026-10-19T14:23+0500
ломбард
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:6:3631:2048_1920x0_80_0_0_94c65e7c45a113453e4fefadc5c3423d.jpg
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында "Альби" ломбардтар желісінің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.Тергеу мәліметінше, бұған дейін "Альби-Ломбард" ЖШС микроқаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың тізілімінен шығарылып, ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылған.Алайда компания атауын "Альби-КМ" ЖШС деп өзгерткеннен кейін де Алматы және Түркістан облыстарында зергерлік бұйымдарды кепілге алып, қарыз беруді жалғастырған.Агенттіктің мәліметінше, қарыздар күніне 2% өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген 0,3% шекті мөлшерлемеден алты есе жоғары.Қарыз шарттары бұрынғы "Альби-Ломбард" ЖШС-нің мөрі басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен және күдіктілердің бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы жүргізілген.Қылмыстық жолмен алынған табыс 146 млн теңгеден асқан. Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.Соттың рұқсатымен оның 21 пәтеріне, 5 жер теліміне, 7 автокөлігіне, 7 гаражына, 2 дүкені мен қонақүйіне бұғау салынған.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20230206/aqtobede-qarzhy-piramidasy-lombard-atyn-zhamylyp-zhumys-istegen-31806203.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_342:0:3073:2048_1920x0_80_0_0_5ec25f7a5069c649a52c25e186e07fa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ломбард, қылмыс
Алматы облысында ломбард басшысы қылмыстық жолмен 146 млн теңге тапқан
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында "Альби" ломбардтар желісінің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу мәліметінше, бұған дейін "Альби-Ломбард" ЖШС микроқаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың тізілімінен шығарылып, ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылған.
Алайда компания атауын "Альби-КМ" ЖШС деп өзгерткеннен кейін де Алматы және Түркістан облыстарында зергерлік бұйымдарды кепілге алып, қарыз беруді жалғастырған.
"Ломбардтар негізінен базарлар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан. Клиенттерді тарту үшін кепілге қойылған мүлікті жоғары бағалайтынын және қарыз алудың несие тарихына әсер етпейтінін айтып, жарнама таратқан", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, қарыздар күніне 2% өсіммен берілген. Бұл заңда белгіленген 0,3% шекті мөлшерлемеден алты есе жоғары.
Қарыз шарттары бұрынғы "Альби-Ломбард" ЖШС-нің мөрі басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен және күдіктілердің бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы жүргізілген.
Қылмыстық жолмен алынған табыс 146 млн теңгеден асқан. Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Соттың рұқсатымен оның 21 пәтеріне, 5 жер теліміне, 7 автокөлігіне, 7 гаражына, 2 дүкені мен қонақүйіне бұғау салынған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.