Ақтөбеде қаржы пирамидасы ломбард атын жамылып жұмыс істеген

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында қаржы пирамидасы "Auto Seller" ЖШС ломбардының атын жамылып 2022 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеген.
Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көлік құралдарын жоғары бағамен сатып алуды ұсынған, бөліп төлеу шартымен сату-сатып алу шарттарын (нотариалды куәландырылмаған) жасаған.
Одан кейін автокөліктерді үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатып отырған, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Қылмыстық схеманы Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасы және ҰҚК департаментімен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің көмегімен әшкереледі.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың әрекетінен келген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгеден асады.
"Auto Seller" ЖШС-нің заңды мекенжайы орналасқан жерді тінту кезінде кеңсе техникасы, заңсыз әрекеттерге қатысты құжаттар, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары тәркіленді. Сот қаулысымен күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қаржы мониторингі агенттігі "Auto Seller" ЖШС ломбардының атын жамылған қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы ақпарат білетін қазақстандықтардан 8(7172) 708-478, 8(7132) 97- 51-51 сенім телефондары арқылы хабарласуын сұрайды
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Төребаев пен Шерниязовтың ісі: қаржы пирамидасы қалай құрылды
Жаңалықтар
0