Жалған медициналық анықтамаларға қатысты Алматыдағы жеке клиника тексеріледі

© Sputnik / Абзал КалиевВ кабинете у врача
В кабинете у врача - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2026
Жазылу
Заңбұзушылықтар расталған жағдайда, уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Алматыдағы жекеменшік клиникада жалған медициналық анықталамалар берілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты тексеру жүргізеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратта қаладағы "Аяжан" жекеменшік клиникасының қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуді бастамақ.

"Заңбұзушылықтар расталған жағдайда, уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Қылмыстық кодекске сәйкес, ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ жалған құжаттарды көрінеу пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Белгіленген тәртіпті айналып өтіп, мұндай құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Заңсыз құжат ресімдеген адамдар ғана емес, жалған анықтамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын көрінеу сатып алған немесе пайдаланған азаматтар да жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Министрлік азаматтарды медициналық негіздерсіз анықтама немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ресімдеу туралы ұсыныстарға келіспеуге, медициналық ұйым қызметінің заңдылығын тексеруге және анықталған заңбұзушылықтар туралы құзыретті органдарға хабарлауға шақырады.

"2026 жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы 13,7 млн-нан астам электрондық медициналық құжат қалыптастырылып, берілген. Азаматтар электрондық форматта 8 095 396 медициналық анықтама мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, сондай-ақ диспансерлік есепке қатысты 5 698 396 анықтама алған. Олардың қатарында психиатрия, наркология және фтизиатрия бағыттары бойынша берілген анықтамалар да бар", - дейді министрлік.

Министрлік еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу үдерісін қайта қарап, оңтайландырды. Енді медициналық ұйым қызметкері медициналық ақпараттық жүйеде (МАЖ) құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойғаннан кейін ғана еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Бұл құжаттың заңдылығын растауға мүмкіндік береді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылғаны туралы ақпарат азаматтың келісімімен жұмыс берушіге жолданады.
Медосмотр в школе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Мектептегі медициналық тексеріс кезінде цифрлық құрылғылар мен ЖИ қолданылады
Жаңалықтар
0