https://sputnik.kz/20260819/mekteptegi-meditsinalyq-tekseris-kezinde-tsifrlyq-qurylgylar-men-zhi-qoldanylady-65836249.html
Мектептегі медициналық тексеріс кезінде цифрлық құрылғылар мен ЖИ қолданылады
Мектептегі медициналық тексеріс кезінде цифрлық құрылғылар мен ЖИ қолданылады
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыру жұмыстарын күшейтті 19.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-19T22:51+0500
2026-08-19T22:51+0500
2026-08-19T22:51+0500
тексеріс
оқушы
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/05/08/63258862_0:249:3035:1957_1920x0_80_0_0_7bbaeff3ea31abd2cdf6d362bc32372c.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеру цифрлық форматқа көшіріліп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді.2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260818/400-den-astam-zhasandy-intellekt-agenti-azirlendi---olardyn-negizgi-maqsaty-qanday-65790084.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/08/63258862_45:0:2776:2048_1920x0_80_0_0_db19711a0f2aa9d2d46e7307516a83ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеріс, оқушы, жасанды интеллект
тексеріс, оқушы, жасанды интеллект
Мектептегі медициналық тексеріс кезінде цифрлық құрылғылар мен ЖИ қолданылады
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыру жұмыстарын күшейтті
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеру цифрлық форматқа көшіріліп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді.
"Алғаш рет барлық баланы тексеру барысында ЭКГ аппараттары, фонендоскоптар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысыішілік камералар және жасанды интеллект технологияларын қолданатын басқа да цифрлық диагностикалық құрылғыларды кеңінен пайдалану жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.
Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.