200 қызметкер іздеген: Астана маңында адасып кеткен балалар полициядан көмек сұрады

© Астана қаласының полициясы200 қызметкер іздеген: Астана маңында адасып кеткен балалар полициядан көмек сұрады
200 қызметкер іздеген: Астана маңында адасып кеткен балалар полициядан көмек сұрады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2026
Жазылу
Кәмелетке толмаған екі баланың заңды өкілі жауапқа тартылды
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Астанада адасып кеткен екі баланы іздеу үшін ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды полиция.
17 қазан күні кешкі уақытта полицияға 11 және 14 жастағы екі кәмелетке толмаған баладан хабарлама түскен. Олар қала шетіндегі ашық далада адасып кеткендерін және көмекке мұқтаж екендерін хабарлаған.
Анықталғандай, балалар биік шөп пен қалың өсімдіктер өскен ашық аумақ арқылы қалаға қарай бет алған. Алайда жол бағдарынан жаңылып, өз беттерінше жол таба алмаған. Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін 200-ден астам полиция қызметкері, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен еріктілерден құралған топ жасақталды.
"Іздестіру шараларына қызметтік іздестіру иті мен арнайы техника да жұмылдырылды. Іздестіру тобы айналадағы аумақты және балалар болуы мүмкін жерлерді тексерді. Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі бала да табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды", - дейді полиция.
Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкіліне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Ол балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылды.
Полиция қызметкерлері балалармен профилактикалық әңгіме өткізіп, оларға ересектердің еріп жүруінсіз бейтаныс жерлерге баруға болмайтынын түсіндірді.
Туристы в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Түнімен іздеген: Алматы облысында 3 мың метр биіктікте турист қыз адасып кетті
Жаңалықтар
0