Түнімен іздеген: Алматы облысында 3 мың метр биіктікте турист қыз адасып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинТуристы в горах Алматы
Туристы в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Құтқарушылар бастапқыда берілген координаттарға барғанымен, туристі ол жерден таппаған
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы тауларында адасып кеткен туристке көмек көрсетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы облысының Қарасай ауданында, Вечерняя тауының маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте турист қыз тау соқпағынан адасып қалған. Ол қауіпсіз бағытпен өздігінен түсе алмаған. Көмекке шақырған қоңырау түн ортасында түскен.
"Оқиға туралы ақпарат алған "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілетін аймаққа жедел аттанды. Туристті іздеу жұмыстары таулы жердің күрделі жағдайында түні бойы жүргізілді", - дейді құтқарушылар.
Олар бастапқыда берілген координаттарға барғанымен, турист қызды ол жерден таппаған. Кейін онымен байланыс үзілген. Соған қарамастан, іздеу-құтқару жұмыстары шатқал бағытымен жалғастырылған. Іздеу барысында құтқарушылар турист қызды тауып алып, қауіпсіз аймаққа аман-есен жеткізген.
Кок Жайляу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Алматыда таудан құлаған тас турист қыздың басына тиген
Жаңалықтар
0