https://sputnik.kz/20261017/reseyde-aty-anyzga-aynalgan-qolbasshy-bauyrzhan-momyshulynyn-roline-kasting-zhariyalandy-67677239.html
Ресейде Бауыржан Момышұлының рөліне кастинг жарияланды
Ресейде Бауыржан Момышұлының рөліне кастинг жарияланды
Sputnik Қазақстан
Сериалдың түсірілімі қараша айында Мәскеу облысында басталады 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T17:59+0500
2026-10-17T17:59+0500
2026-10-17T18:06+0500
бауыржан момышұлы
кастинг
фильм
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64188656_0:74:817:534_1920x0_80_0_0_57e20ab975a74d24f43aeffd02f24eab.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ресейлік "Кино-Геном" кинокомпаниясы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының рөліне актер таңдау үшін кастинг жариялады.Картина жазушы Александр Бектің "Волоколам тас жолы" повесі негізінде түсіріледі.Үміткерлерге қойылатын талаптар:Алғашқы бөлімнің түсірілімі 20-30 қараша аралығында Мәскеу облысында өтеді. Режиссері – Андрей Богатырев.Өтінімдер мен актерлік портфолиоларды Lena-casting@ya.ru электронды поштасына жіберу қажет. Хат тақырыбында "Бауыржан" деп көрсету керек.Бауыржан Момышұлы 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1932 жылғы қарашада әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округіндегі 3-Түркістан атқыштар дивизиясының 14-тау-атқыштар полкінде бір жылдық курсты аяқтағаннан кейін взвод командирі болды.1936 жылы Қиыр Шығыста 105-атқыштар дивизиясының 315-атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондармен болған шайқастарға қатысты.1941 жылдың күзінде генерал-майор Иван Панфилов басқарған қазақстандық 316-дивизия Волоколам бағытында Мәскеуді қорғады.1941 жылғы 16–18 қарашада Бауыржан Момышұлы басқарған батальон негізгі дивизиядан бөлініп қалып, Матронино ауылы маңында жаумен шайқасты. Оның шебер басшылығының арқасында сарбаздар жау әскерінің шабуылын үш күн бойы тежеді. Төртінші күні Бауыржан Момышұлы батальонды қоршаудан аман алып шығып, жауынгерлік күшін сақтап қалды.Бауыржан Момышұлы 1982 жылғы 10 маусымда Алматыда қайтыс болды. Кеңсай зиратына жерленген. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылғы 11 желтоқсанда берілді.
https://sputnik.kz/20250507/danqty-ul-qyzdarymyz-erliktin-ozyq-ulgisin-korsetti--toqaev-53243563.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64188656_21:0:802:586_1920x0_80_0_0_393f12ac090bae4d14a550c73f1ca663.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бауыржан момышұлы, кастинг, фильм
бауыржан момышұлы, кастинг, фильм
Ресейде Бауыржан Момышұлының рөліне кастинг жарияланды
17:59 17.10.2026 (жаңартылды: 18:06 17.10.2026) Сериалдың түсірілімі қараша айында Мәскеу облысында басталады
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ресейлік "Кино-Геном" кинокомпаниясы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының рөліне актер таңдау үшін кастинг жариялады.
Картина жазушы Александр Бектің "Волоколам тас жолы" повесі негізінде түсіріледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
жасы 25-33 аралығындағы ер адам;
кино мен сериалдарға түсу тәжірибесі мол кәсіби актер.
"Тарихи тұлға Бауыржан Момышұлына портреттік ұқсастығы болғаны жөн", – делінген компания хабарламасында.
Алғашқы бөлімнің түсірілімі 20-30 қараша аралығында Мәскеу облысында өтеді. Режиссері – Андрей Богатырев.
"Өтінімде аты-жөніңізді, жасыңызды, тұрғылықты қалаңызды, байланыс телефон нөміріңізді көрсетіп, фотосуреттеріңіз бен түсірілім тәжірибеңіз туралы ақпарат қамтылған өзекті портфолионы тіркеңіз. Өтінімді жібермес бұрын талаптармен мұқият танысып шығыңыз. Рөл сипаттамасына сәйкес келетін және тиісті түсірілім тәжірибесі бар кәсіби актерлердің өтінімдері қарастырылады", – деп хабарлады кинокомпания.
Өтінімдер мен актерлік портфолиоларды Lena-casting@ya.ru электронды поштасына жіберу қажет. Хат тақырыбында "Бауыржан" деп көрсету керек.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1932 жылғы қарашада әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округіндегі 3-Түркістан атқыштар дивизиясының 14-тау-атқыштар полкінде бір жылдық курсты аяқтағаннан кейін взвод командирі болды.
1936 жылы Қиыр Шығыста 105-атқыштар дивизиясының 315-атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондармен болған шайқастарға қатысты.
1941 жылдың күзінде генерал-майор Иван Панфилов басқарған қазақстандық 316-дивизия Волоколам бағытында Мәскеуді қорғады.
1941 жылғы 16–18 қарашада Бауыржан Момышұлы басқарған батальон негізгі дивизиядан бөлініп қалып, Матронино ауылы маңында жаумен шайқасты. Оның шебер басшылығының арқасында сарбаздар жау әскерінің шабуылын үш күн бойы тежеді. Төртінші күні Бауыржан Момышұлы батальонды қоршаудан аман алып шығып, жауынгерлік күшін сақтап қалды.
Бауыржан Момышұлы 1982 жылғы 10 маусымда Алматыда қайтыс болды. Кеңсай зиратына жерленген. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылғы 11 желтоқсанда берілді.