https://sputnik.kz/20250507/danqty-ul-qyzdarymyz-erliktin-ozyq-ulgisin-korsetti--toqaev-53243563.html
Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті – Тоқаев
Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды 07.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-07T11:25+0500
2025-05-07T11:25+0500
2025-05-07T11:56+0500
жеңістің 80 жылдығы
әскери парад
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53244438_0:28:1280:748_1920x0_80_0_0_3b05fdc01a69d7142433d713c4834cc7.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әскери парадта айтты.Тоқаев 500-ден астам жауынгеріміз Кеңес Одағының Батыры атанғанын атап өтті."Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Сабыр Рахимов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова және басқа да көптеген қаһармандарымыз өшпес із қалдырды", - деп толықтырды мемлекет басшысы.Оның айтуынша тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты."Қазақстаннан майданға бір жарым мың вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Елімізге жүздеген кәсіпорын көшірілді, көптеген жаңа өндіріс салынды. Олар өте қысқа мерзім ішінде майданға қажет өнімдер шығара бастады. Жұртымыз жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп, қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындады, әскери киім тікті. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Олардың ерлігі мен еңбегін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250507/astanadagy-askeri-parad--tikeley-translyatsiya-53239856.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53244438_53:0:1228:881_1920x0_80_0_0_c79e3595898f81879d1df8e0ebc238e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери парад, қасым-жомарт тоқаев
әскери парад, қасым-жомарт тоқаев
Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті – Тоқаев
11:25 07.05.2025 (жаңартылды: 11:56 07.05.2025) Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әскери парадта айтты.
"Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды. Олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Келер ұрпақтың жарқын әрі бейбіт келешегі үшін өз өмірлерін құрбандыққа шалды. Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті. Қазақтың жаужүрек ұлт екенін паш етті", - деп атап өтті президент.
Тоқаев 500-ден астам жауынгеріміз Кеңес Одағының Батыры атанғанын атап өтті.
"Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Сабыр Рахимов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова және басқа да көптеген қаһармандарымыз өшпес із қалдырды", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Оның айтуынша тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты.
"Қазақстаннан майданға бір жарым мың вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Елімізге жүздеген кәсіпорын көшірілді, көптеген жаңа өндіріс салынды. Олар өте қысқа мерзім ішінде майданға қажет өнімдер шығара бастады. Жұртымыз жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп, қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындады, әскери киім тікті. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Олардың ерлігі мен еңбегін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.