https://sputnik.kz/20261017/makron-aqsh-pen-resey-kelisimi-europa-men-vashingtondy-alystatuy-mumkin-67673139.html
Макрон: АҚШ пен Ресей келісімі Еуропа мен Вашингтонды алыстатуы мүмкін
Макрон: АҚШ пен Ресей келісімі Еуропа мен Вашингтонды алыстатуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Франция президенті АҚШ-тың Ресеймен дизель отынын жеткізу жөніндегі келісіміне түсініктеме берді 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T14:37+0500
2026-10-17T14:37+0500
2026-10-17T14:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/18/61413878_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_846b6915d2019724ea46471666114f71.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ пен Ресейдің дизель отынына қатысты келісімі Вашингтон мен Еуропа арасына сызат түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді.Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымын өзгертуге тырысатынын және жанармай бағасын төмендету шараларымен айналысатынын да айтты.Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазанда Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде уағдаластыққа келген. Осыдан кейін Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бейбіт келісімдерге дайын еместігіне және Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатқысы келмейтініне тағы да наразылық білдірді. Ол Украинаға Ресеймен келіссөз жүргізе алатын жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.Зеленский Ресей мен АҚШ арасындағы дизель отынына қатысты келісімге жария түрде наразылық білдірді. Кейін ол бұған дейін Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауға тыйым салғанын, алайда қазір бұл тыйымның күшін жойғанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20261017/tramp-reseylik-tauarlarga-bazh-salygyn-engizuden-bas-tartty-67667198.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/18/61413878_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_90a654703df3b03282dbab1319cddc25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Макрон: АҚШ пен Ресей келісімі Еуропа мен Вашингтонды алыстатуы мүмкін
Франция президенті АҚШ-тың Ресеймен дизель отынын жеткізу жөніндегі келісіміне түсініктеме берді
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ пен Ресейдің дизель отынына қатысты келісімі Вашингтон мен Еуропа арасына сызат түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Бұл – жағымсыз белгі, сондай-ақ алауыздық пен күмән тудыратын фактор. Мұның пайдасы болады деп ойламаймын. Керісінше, сенімсіздік туғызуы мүмкін", - деді ол Брюссельде өткен Еуропалық одақ саммитінің қорытындысы бойынша брифингте.
Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымын өзгертуге тырысатынын және жанармай бағасын төмендету шараларымен айналысатынын да айтты.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазанда Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде уағдаластыққа келген. Осыдан кейін Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бейбіт келісімдерге дайын еместігіне және Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатқысы келмейтініне тағы да наразылық білдірді. Ол Украинаға Ресеймен келіссөз жүргізе алатын жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.
Зеленский Ресей мен АҚШ арасындағы дизель отынына қатысты келісімге жария түрде наразылық білдірді. Кейін ол бұған дейін Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауға тыйым салғанын, алайда қазір бұл тыйымның күшін жойғанын мәлімдеді.