Трамп ресейлік тауарларға баж салығын енгізуден бас тартты

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2026
Жазылу
АСТАНА,17 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жарлығында Ресей тауарларына 500%-ға дейін баж салығын енгізу шараларын қолданудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости.
Президент мұндай шешім АҚШ-тың мүдделеріне сай келетінін атап өтті. Аталған шараларды қолданбау туралы шешім арнайы өкім шыққанға дейін күшінде болады.
Сондай-ақ Трамп Ресейдің мұнайы мен газын ең көп сатып алатын бес елге қатысты 100 пайыздық баж салығын енгізуден бас тартты. Бұдан бөлек, АҚШ президенті жаңа заңда көзделген Ресей шенеуніктеріне, банктері мен ұйымдарына қарсы шектеу шараларын қолданбау туралы шешім қабылдады.
Бір апта бұрын Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме қорытындысы бойынша АҚШ президенті энергетика саласындағы ауқымды келісім туралы мәлімдеді. Оған сәйкес, Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына қарай АҚШ және әлемдік нарықтарға 3 миллион тоннаға дейін дизель отынын жеткізеді.
Осы мақсатта АҚШ Қаржы министрлігі санкциялардан босатуды көздейтін арнайы рұқсат шығарды. Оның қолданылу мерзімі 7 сәуірге дейін белгіленген.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп: Украинадағы қақтығыс бойынша тараптар келісімге келеді, бірақ Зеленскиймен емес
Жаңалықтар
0