https://sputnik.kz/20261017/batys-qazaqstanda-tort-eldi-mekennin-turgyndary-ushin-auyzsu-tarifi-45-ese-tomendetildi-67653702.html
Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді
Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді
Sputnik Қазақстан
Прокуратура алты су нысанын мемлекет меншігіне қайтарды 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T18:42+0500
2026-10-17T18:42+0500
2026-10-17T18:42+0500
ауыз су
тарифтер
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_e5a3ed2d616276c37bce2d8c4b8a034a.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын алты сумен жабдықтау нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданның төрт елді мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есе төмендетуге мүмкіндік туды.Соның салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбеген. Нәтижесінде 886 абонент бір текше метр су үшін белгіленген 150,8 теңгенің орнына 666,7 теңге төлеп келген.Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысанын мемлекеттік тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250917/batys-qazaqstanda-birneshe-auyldy-auyz-sumen-qamtamasyz-etetin-su-qubyry-salynyp-zhatyr-57115476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c1c919a4ff33d2542e33abaa4bfa2b0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, тарифтер
Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді
Прокуратура алты су нысанын мемлекет меншігіне қайтарды
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын алты сумен жабдықтау нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданның төрт елді мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есе төмендетуге мүмкіндік туды.
"Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді мекенінде салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақтылы ресімделмегені және коммуналдық меншікке алынбағаны анықталды", – деп хабарлады прокуратура.
Соның салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбеген. Нәтижесінде 886 абонент бір текше метр су үшін белгіленген 150,8 теңгенің орнына 666,7 теңге төлеп келген.
Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысанын мемлекеттік тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.