Рэпер Navai қамауға алынды: Ресей әншіге қатысты министрлікке нота жолдады

© Sputnik / Арина Антонова / Медиабанкке өтуПевец Navai на премьере фильма, архивное фото
Певец Navai на премьере фильма, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Онда ұсталған азамат туралы мәлімет беруге және қай жерде екенін хабарлауға өтініш білдірілген
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Ресейдің танымал әнші Navai-дың ұсталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне ресми дипломатиялық нота жолдады.

Онда Ресейдің ұсталған азаматтары туралы мәлімет беруге және олардың қай жерде екенін хабарлауға өтініш білдірілген.
"Консулдық қызмет аясында мұндай өтініштермен жүгіну - қалыптасқан тәжірибе. Министрлік тиісті сауалды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайды", - делінген мәлімдемеде.
Айта кетері, 13 қазанда "Қордай" шекарасында Қазақстанға кіру кезінде танымал шетелдік әнші Navai ұсталған болатын. Рэпер мініп келген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ол есірткі контрабандасы ісі бойынша екі айға қамауға алынды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жамбыл облысында ұсталған шетелдік әнші Navai екі айға қамауға алынды
Жаңалықтар
0