Киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді – Тоқаев

© пресс-служба МинэкологииСайгаки в Казахстане
Сайгаки в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Егер Қазақстанда 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жетті
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда киік саны 4,7 миллионға жетті, ал қар барысының популяциясы шамамен 190 басқа дейін өсті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің айтуынша, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
"Бүгінде киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді. Егер елімізде 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қар барысын қорғау жұмыстарының да нәтижелі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ілбіс өткен ғасырдың 90-жылдары жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған. Қазір жүйелі қорғау шаралары мен ғылыми мониторингтің арқасында оның Қазақстандағы популяциясы шамамен 190 басқа дейін көбейген. Сонымен қатар қар барысы мекендейтін аумақтың 70%-ға жуығы еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіреді.
Президент Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтару жобасына да тоқталды. Ол бұл бастамаға қолдау көрсеткен Ресейге, БҰҰ Даму бағдарламасына, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорына және басқа да халықаралық серіктестерге алғыс айтты.
Тоқаевтың сөзінше, биыл шілдеде жетпіс жыл ішінде алғаш рет жолбарыс Қазақстанда табиғат аясына жіберілді. Бұл еліміз үшін маңызды оқиға болды.
Бұдан бөлек, Қазақстанда чех, неміс және мажар серіктестермен бірлесіп, Пржевальский жылқыларын қазақ даласына қайта жерсіндіру жұмыстары қолға алынған.
Президент сирек кездесетін жануарларды сақтау және олардың санын көбейту үшін мемлекеттік органдардың, ғалымдардың және халықаралық серіктестердің бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.
Касым-Жомарт Токаев выступил на Саммите лидеров по сохранению биоразнообразия COP17 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет – Тоқаев
Жаңалықтар
0