Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на Саммите лидеров по сохранению биоразнообразия COP17
Касым-Жомарт Токаев выступил на Саммите лидеров по сохранению биоразнообразия COP17 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Қазақстан президенті биоалуантүрлілікті сақтау үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге шақырды
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Каспий маңындағы бес мемлекетті және халықаралық қоғамдастықты сирек кездесетін жануарларды сақтау үшін күш біріктіруге шақырды, деп хабарлады Ақорда.
Президент Каспий итбалығының саны азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Оның мәліметінше, соңғы ғасырда Каспий итбалығының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін төмендеген.
"Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты ол Каспий маңындағы бес мемлекетті және халықаралық қоғамдастықты сирек кездесетін жануарларды сақтау үшін күш біріктіруге шақырды.
Президент сондай-ақ Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру бастамасын таныстырып, шетелдік серіктестерді осы жобаға қатысуға үндеді. Бұған қоса, Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама әзірленіп, Ұлттық генетикалық биоалуантүрлілік банкін құру жұмыстары басталғанын айтты.
Мемлекет басшысы су қауіпсіздігін нығайту үшін халықаралық деңгейде үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған.
"Мақсатымыз – су қауіпсіздігін нығайтып, өзен-көлдер мен сулы-батпақты алқаптардың жай-күйіне тәуелді табиғи экожүйелерді қорғау", – деді президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды ұсынды. Оның пікірінше, бұл құралдар экожүйелерді бақылауға, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және экологиялық қауіп-қатерлерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Осы орайда президент Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын биоалуантүрлілік деректерін талдау, ғылыми зерттеулер жүргізу және сала мамандарын даярлау үшін пайдалануды ұсынды.
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Каспий теңізі акваториясының тартылған аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты
Жаңалықтар
0