https://sputnik.kz/20261009/kaspiy-tenizi-akvatoriyasynyn-tartylgan-aumagy-16-myn-sharshy-shaqyrymnan-asty-67446903.html
Каспий теңізі акваториясының тартылған аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты
Каспий теңізі акваториясының тартылған аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты
Sputnik Қазақстан
Жекелеген учаскелерде су жағадан ондаған шақырымға дейін алыстап кеткен 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T18:38+0500
2026-10-09T18:38+0500
2026-10-09T18:40+0500
президент
каспий
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/497/11/4971173_0:207:4067:2495_1920x0_80_0_0_148227e330f3b04f7885f30e53c7a642.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын айтты."Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі Еуразия құрлығындағы негізгі көлік және энергетика торабы. Сондықтан теңіз экожүйесін сақтауға, ең алдымен, біздің мемлекеттеріміз мүдделі болуы керек. Осы орайда, мұны тек экологиялық дағдарыс емес, салдары өте қауіпті экономикалық ахуал деп бағалаған Иран Президенті Масуд Пезешкиан мырзаның пікірін құптаймын. Егер қазір жедел әрі батыл шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал", - деді Тоқаев.Президент бұл Каспий маңында орналасқан елдердің халқына ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізетінін айтты."2000 жылдан 2025 жылға дейін тартылған теңіз аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты. Жекелеген учаскелерде су жағадан ондаған шақырымға дейін алыстап кеткен. Каспийге келіп құятын өзен суының азаюы, климаттың жылынуы, антропогендік жүктеменің артуы нәзік табиғи жүйе мен теңіздің биоалуантүрлілігіне өте жағымсыз әсер етіп, орасан нұқсан келтіреді. Каспий итбалықтарының ахуалы қатты алаңдатады. Соңғы ғасырда олардың саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайды", – деді Мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20261009/toqaev-tmd-nyn-quryluy-postkenestik-kenistiktegi-zhappay-qaqtygystyn-aldyn-aldy-67440626.html
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/497/11/4971173_233:0:3834:2701_1920x0_80_0_0_833e2231746e4c90c5dbd719833c9aac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, каспий, түрікменстан
президент, каспий, түрікменстан
Каспий теңізі акваториясының тартылған аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты
18:38 09.10.2026 (жаңартылды: 18:40 09.10.2026) Жекелеген учаскелерде су жағадан ондаған шақырымға дейін алыстап кеткен
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын айтты.
"Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі Еуразия құрлығындағы негізгі көлік және энергетика торабы. Сондықтан теңіз экожүйесін сақтауға, ең алдымен, біздің мемлекеттеріміз мүдделі болуы керек. Осы орайда, мұны тек экологиялық дағдарыс емес, салдары өте қауіпті экономикалық ахуал деп бағалаған Иран Президенті Масуд Пезешкиан мырзаның пікірін құптаймын. Егер қазір жедел әрі батыл шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал", - деді Тоқаев.
Президент бұл Каспий маңында орналасқан елдердің халқына ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізетінін айтты.
"2000 жылдан 2025 жылға дейін тартылған теңіз аумағы 16 мың шаршы шақырымнан асты. Жекелеген учаскелерде су жағадан ондаған шақырымға дейін алыстап кеткен. Каспийге келіп құятын өзен суының азаюы, климаттың жылынуы, антропогендік жүктеменің артуы нәзік табиғи жүйе мен теңіздің биоалуантүрлілігіне өте жағымсыз әсер етіп, орасан нұқсан келтіреді. Каспий итбалықтарының ахуалы қатты алаңдатады. Соңғы ғасырда олардың саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайды", – деді Мемлекет басшысы.