https://sputnik.kz/20261009/toqaev-tmd-nyn-quryluy-postkenestik-kenistiktegi-zhappay-qaqtygystyn-aldyn-aldy-67440626.html
Тоқаев: ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды
Тоқаев: ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев ТМД-ның басты құндылығы халықтар достығы мен ортақ мәдени мұра екенін атап өтті 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T14:48+0500
2026-10-09T14:48+0500
2026-10-09T14:48+0500
тмд
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/09/67440460_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_36fd5a58c6251ec630cdf982d51e57cc.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы посткеңестік кеңістікте жаппай қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.Мемлекет басшысы ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толғанын атап өтіп, 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясын мемлекеттер тарихындағы бетбұрысты кезең деп атады.Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жаһандық экономикалық байланыстар әлсіреп, технологиялық бәсеке күшейіп, белгісіздік артып келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделерін ескеретін сенімді диалог пен ортақ шешімдер қажет.Тоқаев ТМД-ның басты құндылығы халықтар арасындағы достық, ортақ мәдениет пен рухани мұра екенін атап өтті.Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай қараша айында Алматыда халықаралық конференция өтетінін хабарлады. Ол ТМД елдерінің ғалымдарын, құқықтанушыларын, тарихшылары мен сарапшыларын конференцияға белсенді қатысуға шақырды.
https://sputnik.kz/20261009/tmd-elderi-dostastyqtyn-35-zhyldygyna-arnalgan-malimdeme-qabyldady-67440302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/09/67440460_49:0:1166:838_1920x0_80_0_0_b3b586a1b7112af8a89f81e128ffff3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды
Тоқаев ТМД-ның басты құндылығы халықтар достығы мен ортақ мәдени мұра екенін атап өтті
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы посткеңестік кеңістікте жаппай қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толғанын атап өтіп, 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясын мемлекеттер тарихындағы бетбұрысты кезең деп атады.
"ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күрделі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпалдастықтың мүлдем жаңа форматын құрдық", – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жаһандық экономикалық байланыстар әлсіреп, технологиялық бәсеке күшейіп, белгісіздік артып келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделерін ескеретін сенімді диалог пен ортақ шешімдер қажет.
Тоқаев ТМД-ның басты құндылығы халықтар арасындағы достық, ортақ мәдениет пен рухани мұра екенін атап өтті.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай қараша айында Алматыда халықаралық конференция өтетінін хабарлады. Ол ТМД елдерінің ғалымдарын, құқықтанушыларын, тарихшылары мен сарапшыларын конференцияға белсенді қатысуға шақырды.