eGov-та жәрдемақыдан бас тарту қызметі іске қосылады

© АО "Национальные информационные технологииЦифровое удостоверение личности
Цифровое удостоверение личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Одан кейін eGov-та отбасының төлқұжаты орналастырылады
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. eGov пен eGov Mobile қосымшасында жәрдемақыдан бас тарту қызметі іске қосылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін-ертең отбасының жәрдемақыға мұқтаждығын анықтайтын калькулятор министрлік ресми сайтында және eGov-та қолжетімді болады.
"Келесі аптада жәрдемақыдан өз еркімен бас тарту сервисі іске қосылады. Одан кейін eGov-та отбасының төлқұжаты орналастырылады", - деді Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өз отбасының әл-ауқат деңгейін калькулятор арқылы тексеріп көрді. Есептеу нәтижесінде министрдің отбасы "В" тобына жатқызылды. Алайда министр 2022 жылдан бері жәрдемақы алмайтынын мәлімдеді.
Первый вице-министр труда и соцзащиты населения Аскарбек Ертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
"В" тобына кіреді: еңбек министрі өз табысы мен мүлкін жариялады
Жаңалықтар
0