https://sputnik.kz/20261016/v-tobyna-kiredi-enbek-ministri-oz-tabysy-men-mulkin-zhariyalady-67652882.html
"В" тобына кіреді: еңбек министрі өз табысы мен мүлкін жариялады
"В" тобына кіреді: еңбек министрі өз табысы мен мүлкін жариялады
Sputnik Қазақстан
49 жастағы министр қазір 1,2 млн теңге жалақы алады, екі үйі бар 16.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-16T16:44+0500
2026-10-16T16:44+0500
2026-10-16T17:26+0500
министр
жалақы
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56917842_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_840069d67cc9e36165593ce2605fc2ae.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өз табысы мен мүлкін ашық жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Астанадағы брифингте жәрдемақы тағайындау үшін қолданылатын калькулятор таныстырылған болатын. Соның негізінде әрбір адамның қай топқа кіретінін анықтауға болады. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың қай топқа кіретінін тексеруді ұсынды. Министр қарсылық білдірген жоқ.49 жастағы министрдің қазіргі жалақысы 1,2 млн теңгені құрайды. Төрт баласы бар. 29 жастағы баласының орташа жалақысы – 600 мың теңге, ал 23 жастағы баласы айына 400 мың теңге алады. Қызы мектепке барады, кенжесі әлі 4 жаста. Жұбайы жұмыс істемейді.Калькулятор министрдің "В" тобына кіреді деген нәтижені көрсетті.Министр мемлекеттен жәрдемақы алмайтынын айтты.Айта кетері, еңбек және халықты қорғау министрлігі жәрдемақыға мұқтаждық тобын анықтайтын калькуляторды бүгін ресми сайтында орналастыруды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20261016/zhardemaqy-toleudin-zhana-tartibi-zheke-derekterdi-zhinauga-kelisim-bermese-ne-bolady-67652188.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56917842_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_12112582ce83025d8d27d896c9cc0f4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, жалақы, жәрдемақы
министр, жалақы, жәрдемақы
"В" тобына кіреді: еңбек министрі өз табысы мен мүлкін жариялады
16:44 16.10.2026 (жаңартылды: 17:26 16.10.2026) 49 жастағы министр қазір 1,2 млн теңге жалақы алады, екі үйі бар
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өз табысы мен мүлкін ашық жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанадағы брифингте жәрдемақы тағайындау үшін қолданылатын калькулятор таныстырылған болатын. Соның негізінде әрбір адамның қай топқа кіретінін анықтауға болады. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың қай топқа кіретінін тексеруді ұсынды. Министр қарсылық білдірген жоқ.
49 жастағы министрдің қазіргі жалақысы 1,2 млн теңгені құрайды. Төрт баласы бар. 29 жастағы баласының орташа жалақысы – 600 мың теңге, ал 23 жастағы баласы айына 400 мың теңге алады. Қызы мектепке барады, кенжесі әлі 4 жаста. Жұбайы жұмыс істемейді.
"Екі жылжымайтын мүлік бар, 60 шаршы метрлік екі бөлмелі және 100 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтерлер. Коммерциялық көлік, бизнес, жер телімдері жоқ. Өз көлігім – 2013 жылғы Toyota Camry 50", - деді Ертаев.
Калькулятор министрдің "В" тобына кіреді деген нәтижені көрсетті.
Министр мемлекеттен жәрдемақы алмайтынын айтты.
"Менің отбасымда ешкім жәрдемақы алмайды. Соңғы рет 2022 жылы төртінші балам туғанда алғанбыз. Болды, одан басқа жәрдемақы алмағанбыз", - деп түйіндеді Ертаев.
Айта кетері, еңбек және халықты қорғау министрлігі жәрдемақыға мұқтаждық тобын анықтайтын калькуляторды бүгін ресми сайтында орналастыруды жоспарлап отыр.