https://sputnik.kz/20261016/astanada-robot-itter-qogamdyq-oryndardagy-qauipsizdikti-baqylay-bastady-67659082.html
Астанада робот-иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады
Астанада робот-иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады
Sputnik Қазақстан
Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылайды 16.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-16T19:45+0500
2026-10-16T19:45+0500
2026-10-16T19:45+0500
астана
робот
ит
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/10/67657646_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_63bc376a82373241002fd41803b82bfc.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін төрт робот-ит қолданысқа енгізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіп жүр.Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі – іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда Жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі.Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.
https://sputnik.kz/20260731/astanada-robot-kurerler-tegin-qyzmet-korsete-bastady-65360049.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/10/67657646_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_603285f282468466a4671e12714332b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, робот, ит
Астанада робот-иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады
Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылайды
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін төрт робот-ит қолданысқа енгізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіп жүр.
"Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей Жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі – іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда Жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі.
Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.