Астанада робот-курьерлер тегін қызмет көрсете бастады

© Photo : Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Астанада робот-курьерлер тегін қызмет көрсете бастады

Астанада робот-курьерлер тегін қызмет көрсете бастады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Робот келгеннен кейін смартфон көмегімен оның жүк бөлігін ашып, тапсырысты алуға болады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астанада робот-курьерлер пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сынақтың алғашқы кезеңі аясында Есіл ауданының тұрғындары "Яндекс Лавка" сервисі арқылы тапсырыс бере алады. Ал робот-курьерлер тапсырысты тегін жеткізіп береді.
Роботтар тұрғын үйлерге дейін жаяу жүргіншілер жолымен қозғалып, кіреберіс маңындағы тротуарда немесе қолжетімді ең жақын жерде тоқтайды. Тапсырыс беруші оның қозғалысын мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Робот келгеннен кейін смартфон көмегімен оның жүк бөлігін ашып, тапсырысты алуға болады. Робот-курьердің орташа жылдамдығы – сағатына 6 шақырым.
"Роботтар маршрутты өздігінен құрып, навигация жүйелері, компьютерлік көру және нысандарды тану технологиялары арқылы қоршаған ортаны талдайды. Олар кедергілерді анықтап, оларды айналып өтеді, жаяу жүргіншілерге жол береді, жылдамдығын төмендетеді және қажет болған жағдайда тоқтайды", – дейді мамандар.
Жақын уақытта робот-курьерлер арқылы жеткізу қызметі Нұра ауданының тұрғындарына да қолжетімді болады.
Айта кетері, пилоттық жобаға Астана қаласының әкімдігі, полиция департаменті, "Astana Innovations" АҚ және Yandex Qazaqstan компаниясы жауапты.
Астанада полицейлер танысының пәтерінен 1,5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған тұрғынды ұстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Курьер болып киініп алған: Астана тұрғыны танысының пәтерін тонап кетті
Жаңалықтар
0