Алматы тұрғындарының суға 550 млн теңгеден астам берешегі бар

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы тұрғындарының суға 550 млн теңгеден астам берешегі бар
Алматы тұрғындарының суға 550 млн теңгеден астам берешегі бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2026
Жазылу
Жеке сектор тұрғындарының қарызы 300 млн теңгеден асқан
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Алматыда сумен жабдықтау және кәріз қызметі үшін тұрғындардың жалпы берешегі 550 млн теңгеден асқан. Бұл туралы "Алматы Су" мекемесінің өкілдері хабарлады.
Көпқабатты үйлердің тұрғындары шамамен 250 млн теңге, ал жеке сектор тұрғындары 300 млн теңгеден астам қарыз болған.
Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу қажет. 26-сынан бастап төлем жасалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі.

"Берешек ұзақ уақыт өтелмесе, су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ қарыз сот арқылы өндіріліп, борышкер өсімпұл мен сот шығынын да өтеуге міндеттеледі. Су беруді шектеуге үш күн қалғанда тұтынушыға алдын ала ескерту жасалады", - дейді мекеме.

"Алматы Су" мекемесі тұрғындарға қосымша шығынға ұшырап, берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларына жол бермеу үшін төлемді тексеріп, қарызды уақытылы өтеуге кеңес береді.
Жылу батареясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріліп жатыр
Жаңалықтар
0