Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріліп жатыр

© Photo : акимат Туркестанской областиЖылу батареясы
Жылу батареясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Акцияға қатысу үшін биыл тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін негізгі қарызды толық өтеу қажет
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріледі, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Алматыда жылу энергиясын тұтынушыларға арналған "Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!" акциясы басталды. Акция аясында тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін негізгі қарызын толық өтеген жағдайда есептелген өсімпұлдан босатылады.
Сонымен қатар бұл мүмкіндік борышкерлердің мүлкіне және банк шоттарына қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға да жол ашады.
"Акцияға қатысу үшін биыл тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін негізгі қарызды толық өтеу қажет. Одан кейін "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы алынған жеке куәліктің цифрлық нұсқасы және негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжатты (кассалық чек) info@alts.kz электрондық поштасына жолдау қажет немесе тұрғылықты жері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек", - деп жазылған хабарламада.
Берешек мөлшері немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемдер бойынша кеңес алу үшін "Алматы жылу жүйесі" анықтама қызметінің 341-07-77 нөміріне хабарласуға болады.
Берешек белгіленген мерзімде өтелмеген жағдайда тұтынушылар жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сот тәртібімен өндіріледі, деп ескертті әкімдікте.
Алимент төлеймей, шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызы - 47 млн теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Алимент төлемей, шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызы - 47 млн теңге
Жаңалықтар
0