https://sputnik.kz/20261015/tramp-pen-zelenskiydin-qarym-qatynasy-qyrkuyekten-bastap-nasharlagan--baq-67626619.html
Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы қыркүйектен бастап нашарлаған – БАҚ
Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы қыркүйектен бастап нашарлаған – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Бір ай ішінде Трамптың Зеленскийге деген наразылығы күшейе түсті 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T21:38+0500
2026-10-15T21:38+0500
2026-10-15T21:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/04/60123423_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1d4a888178e2f737f8a78598573aa903.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскийге деген көзқарасы қыркүйектің ортасынан бастап нашарлай бастаған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды.Бұған дейін Bloomberg агенттігі Трамптың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы кездесуде Зеленскийге бейбіт келіссөзді қайта бастау үшін Мәскеуге баруды ұсынғанын, алайда Украина басшысының бұл ұсыныстан тағы да бас тартқанын хабарлаған.Басылымның жазуынша, Трамптың наразылығына Украинаның Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуыл жасау үшін АҚШ ресурстарын пайдалануы себеп болған.Сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің бейбіт келісімге келуге дайын еместігіне наразылық білдіріп, Украинаға жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.2025 жылдың 28 ақпанында Зеленский Украинаның жер қойнауын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қою үшін Ақ үйге барған кезде Трамп онымен сөзге келіп, ашық түрде сынға алған еді.
https://sputnik.kz/20261015/zelenskiy-tramptan-energetikalyq-bitim-zhariyalaudy-surady-67619995.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/04/60123423_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_9caac020f58ff63d2404bcc051da678c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы қыркүйектен бастап нашарлаған – БАҚ
Бір ай ішінде Трамптың Зеленскийге деген наразылығы күшейе түсті
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскийге деген көзқарасы қыркүйектің ортасынан бастап нашарлай бастаған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Трамптың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы кездесуде Зеленскийге бейбіт келіссөзді қайта бастау үшін Мәскеуге баруды ұсынғанын, алайда Украина басшысының бұл ұсыныстан тағы да бас тартқанын хабарлаған.
"Трамп пен Зеленский арасындағы шиеленістің соңғы кезеңі Нью-Йорктегі кездесуден кейін басталды. Бір ай ішінде Трамптың Зеленскийге деген наразылығы күшейе түсті", - деп жазылған мақалада.
Басылымның жазуынша, Трамптың наразылығына Украинаның Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуыл жасау үшін АҚШ ресурстарын пайдалануы себеп болған.
Сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің бейбіт келісімге келуге дайын еместігіне наразылық білдіріп, Украинаға жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.
2025 жылдың 28 ақпанында Зеленский Украинаның жер қойнауын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қою үшін Ақ үйге барған кезде Трамп онымен сөзге келіп, ашық түрде сынға алған еді.