https://sputnik.kz/20261015/toqaev-pen-aliev-transkaspiy-talshyqty-optikalyq-baylanys-zhelisin-iske-qosty-67627892.html
Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Sputnik Қазақстан
Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T19:21+0500
2026-10-15T19:21+0500
2026-10-15T19:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67627658_0:0:2560:1441_1920x0_80_0_0_65df828dc6805b2ff925f895ef6bac7a.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлады Ақорда.Жобаны "Қазақтелеком" АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, желі елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.Ильхам Әлиев желіні іске қосу арқылы Орталық Азия мен Әзербайжан арасындағы ықпалдастықты нығайтуға тағы бір қадам жасалғанын атап өтті."Бұл желіні Орталық Азия елдері де, Оңтүстік Кавказ жұрты да, одан тысқары елдер де пайдаланады. Осылайша, бүгін жаһандық жобаны іске қостық", – деді Әзербайжан президенті.
https://sputnik.kz/20261015/qazaqstan-men-azerbayzhan-tauar-aynalymyn-1-mlrd-dollarga-zhetkizuge-nietti-67627359.html
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67627658_237:0:2493:1692_1920x0_80_0_0_6a2cac8d8895f60c68ef93ba36e02ce8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан
қасым-жомарт тоқаев, әзербайжан
Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлады Ақорда.
Жобаны "Қазақтелеком" АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.
"Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, желі елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.
"Біз халықаралық маңызы зор бірегей жобаны іске қостық. Ең бастысы, бұл – жаңа заманның дәлізі. Яғни көлік дәлізі ғана емес, мүлдем жаңа дәуірге, цифрландыру кезеңіне тиесілі жаңалық", – деді Қазақстан президенті.
Ильхам Әлиев желіні іске қосу арқылы Орталық Азия мен Әзербайжан арасындағы ықпалдастықты нығайтуға тағы бір қадам жасалғанын атап өтті.
"Бұл желіні Орталық Азия елдері де, Оңтүстік Кавказ жұрты да, одан тысқары елдер де пайдаланады. Осылайша, бүгін жаһандық жобаны іске қостық", – деді Әзербайжан президенті.