Қазақстан мен Әзербайжан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті

© PhotoВ Баку состоялась встреча президентов Азербайджана и Казахстана
В Баку состоялась встреча президентов Азербайджана и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлады Ақорда.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесуде екі ел арасындағы сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу мақсаты расталды.
Президенттер Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызын да атап өтті. Каспий теңізінің табаны арқылы өтетін желі Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық байланысын нығайтып, Еуропа мен Азия арасында қосымша цифрлық дәліз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тараптар Қазақстанның энергетикалық ресурстарын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесін қарастырды. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды.
Мемлекет басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, білім беру, туризм және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Тоқаев су серіктестігін құруды ұсынды
Жаңалықтар
0