Таразда ҰОС кезінде госпитальда қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
14:17 15.10.2026 (жаңартылды: 14:42 15.10.2026)

© Sputnik/Айдана Дайырова
Жазылу
Кешенді жаңғырту 2025 жылы Ресейдің бас консулы Дмитрий Тураевтың Жамбыл облысына сапары аясында жасалған келісімнің арқасында мүмкін болды
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Таразда Ұлы Отан соғысы кезінде ауыр жараланып, госпитальда көз жұмған кеңестік жауынгерлерге арналған әскери мемориал күрделі жаңғыртудан кейін салтанатты түрде ашылды.

Таразда ҰОС кезінде госпитальде қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
© Sputnik/Айдана Дайырова
Бұл әскери кешен алған ауыр жарақаттарынан қазіргі Тараздағы эвакуациялау госпиталінде көз жұмған жауынгерлердің екі мазарды біріктіреді.

Таразда ҰОС кезінде госпитальде қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
© Sputnik/Айдана Дайырова
Кешенді жаңғырту 2025 жылы Ресейдің бас консулы Дмитрий Тураевтың Жамбыл облысына сапары аясында жасалған келісімнің арқасында мүмкін болды. Нысанды жаңғырту және реставрациялау жұмыстарының барлық шығыны Ресей Сыртқы істер министрлігі есебінен жүргізілген.

Таразда ҰОС кезінде госпитальде қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
© Sputnik/Айдана Дайырова
Салтанатты іс-шараға бас консулдың өзі де қатысып, нысанның мән-маңызы жайлы айтты.
"Бұл мазарларда жатқан сарбаздардың үйлеріне қайтар сапары Жамбыл жерінде аяқталды. Оларды туған жерінде жақындары күтіп отырғанымен, Жамбыл топырағы олардың мәңгілік орнына айналды. Сол кезден бері бұл өңір оның аумағынан тыс өмір сүріп жатқан отбасылардың өз тарихының бір бөлшегі болып қалды", - деді Дмитрий Тураев.

Таразда ҰОС кезінде госпитальде қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
© Sputnik/Айдана Дайырова
Дипломат Ресей тарапының кешенді жаңғырту бойынша ұсыныстарын қабыл алып, оның аясында аянбай қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға, жергілікті билікке алғыс айтты.
"Бұл мемориал үнемі алғыс сөздер айтылып, балалар өз ата-бабасының ерлігі жайында біле алатын орынға айналсын. Жауынгер бейітінің жанында ересек адам өзінен кейінгі ұрпақты ертіп келіп, ерлік жайында баяндаса, тарихи жады ешқашан ұмытылмайды", - деді Тураев.

Таразда ҰОС кезінде госпитальде қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориал жаңғыртылды
© Sputnik/Айдана Дайырова
Іс-шара барысында қалалық мешіттің бас имамы қаза болған жауынгерлердің рухына бағыштап құран оқыды.
